Қажылық пен заманауи технологиялар.
10/10/2013
Кызмет Саяхат
Қажылық - дүниежүзі мұсұлман елдерінің діни қызмет бағыттарының әрқашан ең маңыздысы болған, исламның бесінші парызы. Әр мұсұлман адам өмірінде кем дегенде бір рет қажылық жасауы тиіс. Сондықтан екі миллиард мұсұлмандардың әр қайсысы қажылыққа баруға тырысады немесе қазір болмаса да, болашақта жасау қажеттігін түсінеді.


Бұдан былай қажылар ізгі арманына жету үшін алып шөлдерді күннің аптап ыстығында айлап саяхаттап, өміріне қатер тудырмайды.Адамзаттың даму динамикасын көрсететін заманауи технологиялар әсерінен қажылықтың ішкі құрылымы өзгергенімен, қажылық рәсімдері мызғымас берік болып қалды.

Сауд Арабиясы мен дүниежүзі мұсұлмандары үшін заманауи технологиялар қажылықты сөзсіз ыңғайлы, оңай әрі қол жетімді етті. Сауд Арабиясы - бұрын айтарлықтай оқшау ел, бүгінгі күні жаңа технологиялар енгізіп, алға басар елдердің қатарына кірді.

Теледидар мен интернет арқылы тікелей трансляциялар қажылық жасалудың сол сәтте әлемнің кез-келген нүктесінен куәсі болуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер мен блогтар қажылықтың ең мінәжат жақтарын фотосурет немесе бейне материалдар түрінде әлемге паш етеді. Қазіргі таңда қажылық рәсімдерін дұрыс орындау үшін ұялы телефонда керекті қосымшаның болғаны жеткілікті.

Apple смартфондарының иелері үшін «Қажылық жол серігі» атты қосымшасы ұсынылады.

Планшет және смартфон сияқты заманауи ұялы құрылғылардың арқасында қажылар алғаш рет рәсімдерде жіберілуі мүмкін қателіктер туралы алаңдамаса болады. Смартфондары бар қажылар «Қажылық жол серігі» атты қосымшаны орнатып, оның көмегімен қажылық кезінде рәсімдерді қалай және қай тәртіппен орындау қажеттігін түсіне алады.

Байланыс үшін пайдаланылатын заманауи технологиялар қажылар үшін практикалық тұрғыдан қаражатты үнемдеу түрінде пайда әкеледі. Биылғы жылы Saudi Telecom Company арнайы қажылық пен ұмра орындаушылар үшін Сауд Арабиясы ішінде стандартты тарифтерден төмен бағамен телефон қоңырауларын жасауға болатын ұялы байланыс пакетін жасады. Нәтижесінде қымбат роуминг қызметінен құтылуға болады.

Соңғы кездері қажылықты қорғау мен қауіпсіздік басты бағыттардың бірі болды. Қажылық пен ұмра кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін Қажы министрлігі қажылардың қауіпсіздігі пен жайлылығы басты мәселелесі ретінде қарастыруда. Осыған байланысты қажылар жиі баратын мешіттер, автожолдар, туннельдер, лагерьлер және т.б. объектілер тексеріліп, талдаулардан өтті.

Мекке көздері. Тәртіп сақталуын қоғамдық қауіпсіздік камерасы мұқият бақылауда.Қауіпсіздік қызметі жазатайым оқиғаларға немесе қажылардың көп саны жиналып жан-жаққа жылжуынан болатын, басқа да қауіпті жағдайларға қатысты әрекеттердің жүзеге асу уақытын байқап, оны игеруге мүмкіндік жасайтын, адамдар ағынын басқару технологиялары да қолданылды. Мұндай жағдайлар 1990, 2004 және 2006 жылдары бірнеше рет қайталанған болатын және 2 мыңнан астам адам өмірін қиып өтті.

Қазіргі таңда Әл-харамның кеңейтілуін мүмкін еткен - Тиым салынған мешіт ішінде қажылар қозғалысын модельдеп, санайтын осы заманауи технологиялар.

Басқа елдерден келуші қажылардың басты мәселесі - бұл жергілікті ауа-райына бейімдену. Осыған орай күн өту, ылғалдық жетіспеуі сияқты сырқаулар пайда болады. Аталмыш мәселелерді шешу үшін су мөлшерлеуіштерімен қоса күн қызуына шыдамды, сыртқы құрылғысы бар жоғары дәрежелі салқындату жүйелері орнатылды. Жаңадан жасалған жаяу жүргінші жолдар мен туннельдер ыстық күн астында жүретін жол ұзындығын айтарлықтай азайтты.

Адамдар ағынын басқару технологиялары матаф аймағын кеңейту жобасында қолданылады.

Биылғы жылы қолданыс үшін енгізілген қажылықтың электрондық тіркеу жүйесі сарапшылар тарапынан мақтауға лайық әрі Сауд Арабиясы технологиялық жетістігі ретінде бағалады.

Қажылықтың электрондық тіркеу жүйесі адамдар ағынын басқару жүйесінің бөлігі ретінде жақсы жаңа ашылым болды, - деді мұсұлман бірлестіктерінің президенті - Мұхаммед Эли Муа, - осы жүйенің арқасында әсіресе тас лақтыру сияқты рәсімдерде сығылысулар және басқа да жазатайым оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар әлбетте қажылардың жағдайларын жақсартып, қажылық рәсімдерін орындауда зор үлес қосты. Дегенмен кейбіреулердің ойынша, бұл қасиетті қажылықтың нағыз мәнін түсіну жағынан зияны да болды.

Араб әйелдерінің киімдері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, алайда қазір олардың қолдарында смартфондар мен планшеттерді көре аламыз.Әлеуметтік желілер мен блогтардағы жазбаларды сараптай отырып, қажылардың өздерінің суреттері мен жазбаларын тура рәсімдерді орындау кезінде жүктейтіні анықталды. Бұл қажылық жағдайында өзін түсіріп алумен және әрекеттің ішкі жағына зақым келтіретін сыртқы жағын суреттеумен айналыспай, "қажылар қажылықтың әдеп-ғұрыптарын орындауға толық ықыласын аудару керек", - деп ойлайтын мұсылмандар тарапынан сын туғызды.

Жалпы блог жазушылардың пікірінше, қажылықтың салттары, әсіресе Меккеде болуға қатысты рәсімдер табу болып табылады. Қажылыққа аттанып бара жатқан қажыларға "қажылықтан басқа нәрселерден бас тарту және қажылық пен оның ақиқат болмысына ықыласын аудару" ұсынылады.

Arabnews-тың оқырмандарының арасында басқа да пікірлер болды: "Заманауи технологиялар қажылық орындауға зияны тиюі мүмкін. Алайда, менің ойымша олардың көбісі жақсы екендігімен көпшілік келісер", " Заманауи технологиялардан бас тарту қажылық кезінде құрбандар санының артуына әкеледі, себебі қажылық нысандарының дамуы да болмайтын еді".


Бірқатар блог жазушылар қажылардың қажылықты туризмнің бір түрі ретінде қабылдайтынын ұнатпаумен айқындайды, басқалары ұмтылмас саяхатты фото және бейнеге түсіріп алудағы еш жамандықтың жоқтығын айтады.Жергілікті тұрғын Сүлеймен заманауи технологияларды не жаман да емес, не жақсы да емес деп санайды: "Оларды қолдану сұрағын адамдар өздері шешеді. Көптеген қажылар заманауи технологияларды өздерінің қажылық тәжірибесін жақсарту үшін қолданатынын сенімділікпен айта аламын".

 

Қызмет Саяхат, arabnews.com мәліметтері бойынша.
Қажылық 2014, Ұмра 2014