Қажылық маусымында малдың 2 миллионнан астам басы сатып алынбақ.
04/10/2013
Кызмет Саяхат
Қажылық маусымы кезінде Сауд Арабиясының қой мен ірі қара нарығының 75%-ы импортқа тәуелді. Жергілікті өндірушілер сұраныстың төрттен бірін ғана қанағаттандыра алады.

Barbary - Солтүстік Африканы мекендейтін жалды қой. Аталмыш мал басы Сауд Арабиясына қажылық маусымында Құрбан айт кезінде құрбан шалу үшін импортталады.

Тек Сомали мен Судан мемлекеттері ғана Сауд Арабиясына 600 мың ірі қара мен 350 мың қой сата алады. Және осы мал етінің бөлігі елдеріне миллиондаған қажылыққа келушілермен бірге қайта оралу ықтималдылығы зор.

Құрбан айт уақытысында тек қойдың ғана 1 миллион жуық басы құрбандыққа шалынады да, мал еті дүние жүзі бойынша мұқтаж елдерге аттандырылады.

Нарыққа сәйкес исламның бас мейрамының қарсаңында бағалардың барлығы күрт жоғарылайды. Құрбандыққа шалынатын малдың бағасы өте жоғары болып кетпес үшін Жидда қаласының мал шараушылық комитеті малдың едәуір санын импорттау туралы шешім қабылдады.

Қыркүйек айының басынан бері Жидда қаласының портына мал басы жеткізілуде, - дейді мал шараушылық комитетінің төрағасы - Сүлейман Әл-Жабри, - алдымыздағы екі күн ішінде 350 000 қойдың жеткізілуін күтудеміз және жобаға сәйкес малдың қажетті саны жиналғанша, жалғаса береді.

Barbary типті жалды қойдың бағасы 450-500 риал көлемінде ($120-$130) қалады деп күтілуде. Ал Sawakni типті қой бағасы 600-900 риал ($160-$240) аралығында болмақ.

IPJ - Жидда қаласының ислами Порты. Мал басының жеткізілуі теңіз жолымен Жидданың порты арқылы жүзеге асырылады.

Әл-Жабри қажылық маусымында малдың мұндай үлкен санының импортталуын ескере отырып, мал нарығы тұрақты болатынына сенімді.



Қызмет Саяхат. Мақалада arabnews.com мәліметтері пайдаланылды.
Қажылық 2014, Ұмра 2014