Мекке әмiршісі қажылық пен ұмра университетін ашуды ұсынды.
02/10/2013
Кызмет Саяхат

Мекке қаласындағы Умм әл-Курра университеті негізінде Қажылық пен Ұмра университеті қаланбақ.Мекке губернаторы Халид әл-Фейсал қажылық пен ұмра университетін құру жөнінде ұсыныс жасады. Осылайша бiлiктi мамандарды шығару есебiнен қажылық саласы қызметінің деңгейін көтеру мүмкін болады:

"Жоғары бiлiм министрлiгi ұсынысты байсалдылықпен қарап шығып, осы жобаны жүзеге асыру мақсатында мүмкіндіктер қарастырады, деген үміттеміз. Осындай университет кадрлар даярлау мiндеттерiн өз мойнына алып, қажылық пен ұмраны жаһандық және жылма дылдық қажылықты өткізу деңгейінде терең зерттеу мүмкіндігі пайда болады".

Қажылық саласы үшін жоғарғы оқу орнын даярлау мәселесіне әмірші ерекше көңіл аударды. Себебі қажылық пен ұмра саласы - бұл бір өңірдің ғана емес, миллиондаған қажыларды жіберуші - бүкіл дүниежүзі елдерінің мәселесі болып табылады.

Ойластырылып жатқан университеттің өзегі ретінде Умм Әл-Кура университетінің қарамағындағы Қажылықты зерттеу институты қарастырылуы қажет.

Дүниежүзілік мұсұлман жастары ассамблеясының бас хатшысының көмекшісі Мохаммед Бодахдах: 

"Жаңа университетке оқу бағдарламасын даярлау үшін сарапшылар тобы осы күннен бастап ұйымдастырылуы қажет. Бұл бағдарлама белелді ғалымдармен бекітіліп, Сауд Арабиясының мәдениет бойынша атташесі арқылы әрі қарай түрлі елдерге таратыла алады", - деді.



Аударма: "arabnews.com" материалдары бойынша Қызмет Саяхат
Қажылық 2014, Ұмра 2014