Араб көктемі елдерінің қажылары ешқандай шектеулерсіз қажылық жасайтын болады.
27/09/2013
Кызмет Саяхат

Қажы министрі Бандар Хаджар.                                                                                 Фото-сурет: Ahmed Hashad

Биыл Тунис, Египет, Ливия және Йемен сияқты «Араб көктемі» елдерінен жыл сайынғы қажылыққа келуші қажылар санына Сауд Арабиясы шектеулер қойылмайтынын мәлімдеді.

"Саяси толқуларды басынан кешіріп жатқан елдерден келуші қажылар санын азайту ойымызда жоқ", - деді қажы министрі Бандар Хаджар.

Дегенмен Эр-рияд қажылықты саяси пиғылмен пайдалануға жол бермейтініне ерекше көңіл аударды. Биыл жыл сайынғы қажылық 13 қазанда басталатынын еске саламыз.

Хаджар айтуынша, барлық елдерге бекітілген квотаға сәйкес қажыларды жіберуге рұқсат етіледі. Әл-Харамды кеңейту жұмыстарына байланысты квота саны 20 пайызға қысқартылатыны бұрынырақ хабарланған болатын.
Биылғы жылы Сауд Арабия үкіметі жергілікті қажылар санына да 50-пайыздық қысқартулар енгізді.

"Шет елдік қажылық миссияларымен қол қойылған келісімдерге сәйкес осы елдер қажылары Сауд Арабиясында бекітілген қажылық туралы ережелеріне бағынуы қажет", - деді Хаджар.

Саяси талдаушылар азаматтық толқулар нәтижесінде зорлық-зомбылық зардаптарын шеккен Египет және Тунис сияқты елдерден келетін қажылар саны едәуір аз болатынына сенімді.

Сондай-ақ оның айтуынша, келесі аптада министрлік Минедегі және басқа киелі жерлердегі шатырларды әр түрлі елдердің қажылық ұйымдарына және жергілікті қажыларды қызметтермен жабдықтаушаларға тапсырады. Бұл қажылықтың басталуына дейін ертерек дайын тұруы үшін қажет.

Машаир пойызының құрамдары Мина шатырлы қалашығы арқылы өтуде.

Мина, Арафат және Муздалифа киелі жерлері арқылы өтетін Машаир темір жолында мүмкін болатын сығылысуларды болдырмау үшін биліктің қолданылып жатқан шаралары туралы сұрағына жауап бере отырып, Хаджар мұндай қақтығыстарды болдырмау үшін мемлекеттік және жеке мекемелер өкілдерімен қажылар ағынын кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жоспарларын талқылау үшін семинар жүргізілетінін атап өтті.


Аударма: "arabnews.com" материалдары бойынша Қызмет Саяхат
Қажылық 2014, Ұмра 2014