Жаңадан ашылған матаф алаңы 70 мыңға жуық қажыларды өткізе алады.
24/09/2013
Кызмет Саяхат
Әл-Харам мешітін кеңейту жұмыстарының алғашқы кезеңі толығымен аяқталып, қажылық кезінде ашық болмақ. 

Қағба айналасындағы екі қабатты радиал көпір Әл-Хараммен төрт жақтан жалғасқан. Екі Киелі Мешіт басшылығы «матафтың» (Қағбаны айнала өтетін алаңның) жаңадан салынған деңгейлерін ашуды жоспарлауда. Енді қажылар Қағбаны айнала, жаңадан салынған, уақытша радиал көпіріне шыға отырып, таваф рәсімін екінші қабатта да жасай алады. Нәтижесінде өткізгіштік сағатына 70 000 адамға дейін өсті. Бұл жобалаушылардың айтуынша, Әл-Харам мешітінде қажылық маусым сайын жиі болып тұратын, сығылысуларды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қажылардың жарақат алуына жол бермейді.

Рамазан айында Матаф алаңы жартылай ашық болса, қажылық уақытысына толығымен ашылады. Уақытша матаф әр қайсысы өз қабатында Әл-Хараммен жалғастырылған екі қабаттан тұрады. Екінші қабат шілде айынан бастап, басым көпшілігі мүмкіндігі шектеулі, яғни өздігінен жүре алмайтын адамдар үшін пайдалануға берілді.


Қағба айналасындағы көпір Әл-Харамдағы қажылар ағынын азайтуға арналған жүйенің бөлігі болып табылады. Жаңа радиал көпір матаф аумағын үлкейтіп қана қоймай, Әл-Хараммен төрт жақтан жалғасып, Әл-Арқам, Сафа эскалаторларына, Ысмайл Бабтың жоғарғы жағы мен Аjyad көпіріне шығады. Бұл тиым салынған мешіттің ішінде қажылар ағынын жүйелі және ұқыпты түрде реттеп, Қағбаның айналма жолы өтетін ішкі аулада бос кеңістікті сақтауға мүмкіндік береді.




Аударма: "arabnews.com" материалдары бойынша Қызмет Саяхат
Қажылық 2014, Ұмра 2014