Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   23.05.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Қажылықты 2 миллион адам орындады.
18/10/2013
1287
Мина алабының үлкен шатырлы қаласы жыл бойы бос болады да, қажылық маусымы уақытысында бес күнге жанданады. Қажылар түнеу үшін осы жерді таңдау себебі - Киелі Құранда сипатталған өткен ғасырларда орын алған оқиғалармен тығыз байланысында.


Мина. Шатырлы қалашықты түнгі уақытта үлкен қалалардағыдай жарықтанады.

Меккеден 12 км қашықтықта орналасқан шатырлы қалашық Ибраһим пайғамбар (а.с.) түнеген дәл сол алқапта жайғасқан. Бұл жерге ол баласы Исмаилды Аллаһ айтуымен құрбандыққа шалу үшін келді, бірақ соңғы сәтте Аллаһ оған Исмаилдың орнына қойды құрбан етсін деп әмір етті. Құрбан Айтты немесе "Ид аль Адха" араб тілінен аударғанда "құрбан шалу мейрамын" Алланың рақымшылығы мен Ибраһимнің мінсіз бойсынуын мәңгі есте сақтау үшін дүние жүзі мұсұлмандарымен мерекеленеді.

Мина - алқаптың ішкі жағында орналасқан шатырлы қала. Қайда қарасаңыз да ақ маталы шатырлар ашық кеңістіктің бәрін дерлік жапқан. Мыңдаған шатырлар жүйелі түрде қатарласып орнатылған.


Мина жүйелі шатырлар қатарының когорталары.Соңғы екі жыл ішінде шатырлы қалашық келбетін өзгертуде. Сауд Арабия үкіметі қажылық пен ұмра рәсімдерін ыңғайлы жағдайларда орындау үшін көптеген инфрақұрылымдық жобаларға миллиардтаған доллар қаржы бөлуде.

Мина қаласында он жыл бұрын қажылықта болған қажылар оның қазіргі бейнесін көріп таңдануда. Судан мемлекетінің қажысы - Ахмед Мұхаммад әл-Хадж 1980 жылғы қаланың көрінісін еске түсіруде:

"Ол кездің басты құрылымы Мина қаласының ортасындағы Масджид әл-Хайф болды. Меккеден келген қажылар бірден осы мешітке аттанатын болған. Ал шатырлары болса, қазіргідей жүйелі түрде мінсіз тізіліп тұрған емес, сол себепті көптеген бос кеңістік қалып қоятын."

Масджид Әл-Хайф - атақты киелі орын. Бұл мешітте Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) «ақтық қажылық» жылы таң намазын оқыды.


Әл-Хайф мешіті Мина алқабында кіші бағанасының жанында орналасқан (әл-жамарат ас-сугра).Ахмед қажылар тас лақтыру рәсімін өткізетін, Жамағат көпірін жақсы еске сақтады. Алайда 80-ші жылдары бұл рәсім 2000-шы жылдардағыдай қауіпті болған емес.

"Бұл жаяу жүргінші өткеліне ұқсас кішігірім ғана аумақ болатын. Алайда ауданы сол күндері келуші қажылардың санына сай болды. Уақыт өте келе, қажылар саны миллионға дейін өсіп, көпір қауіпті тұзаққа айналды".


Өткен ғасырдағы Жамағат көпірі.Мулана Рахмани, Үндістаннан келген қажы өткен жылдардағы қажылықты еске түсіре келе, 1997 жылғы шатырлы қалашықтағы алапат өрттің куәсі болғанын айтты. Өрт нәтижесінде көптеген адам құрбан болды.

"Мен осы өртте аман қалған адамдардың арасында болдым. Келесі жылы бұл апаттан кейін саудтықтар өртке төзімді шатырлар жасай бастады".

Бүгінгі күні азаматтық қорғаныс қызметтері ұялы транспорт құралдарымен қамсыздандырылды. Өрт сөндіру көліктерімен салыстырғанда, олар өрт орнына тез жетіп, нақты жергілікті өрттерді өшіру бұлтарыстарын орындай алады. Әр байк 300 литр су мен 16 литр көбік алып жүреді.


Ұяла байктер өрттерді өшіру үшін 300 литр су алып жүреді.Миллиондаған адамдардың жиналуы алпауыт өртке немесе сығылысуларға әкеліп соға алатынын Сауд үкіметі түсінеді, сондықтан қауіпсіздік пен оған байланысты технологиялар үшін қаржыны аямайды. Қазіргі таңда Мина алқабының шатыры - тефлон қабаты және су тамшыларының тұмандануымен байланысты термосезімтал құрылғысы бар, шыны-талшықтан жасалған тент. Шатырларда желдеткіш, дабыл қағу жүйесі және жарықтандыруы бар.


Мина алқабындағы қалашықтың заманға сай, өртке төзімді шатырларының құрылымы.

Алайда шатырлардан бөлек шешімін табуды қажет ететін басқа да мәселелер болды: өткен жылдардағы ең қауіпті салттардың бірі - Шайтанды таспен ату рәсімі.

"Бұл ел үкіметінің ең негізгі әрі қиын мәселесі болды, себебі Жамағат көпіріндегі адам өмірін қиып өтетін жазатайым оқиғалар қалыпты жағдайға айналды", - деді Жидданың қажы компаниясының қызметкері Абрар Сидики.

Осылайша сығылысуларды болдырмау үшін жүргінші өткелі типті көпірді зәулім кешенге айналдыру туралы шешім қабылданды. Бірнеше есіктері бар, желдету жүйесімен қамсыздандырылған көпқабатты ғимаратты салу үшін миллиардтаған риал қаржы бөлінді.

Жамарат көпірі. Бүгінгі келбеті.

Сонымен қатар Жамағат көпірінде Шайтанды бейнелеп, таспен лақтырылатын бағаналардың пішіні өзгертілді.

"Ертеректе бұл бағаналар пішіні бойынша қарапайым әрі оларға жету қиындық тудыратын, сондай-ақ майда тастармен бағаналарға тигізу де оңай болған жоқ. Ал қазір болса, рәсімді орындау оңай және адамдар топырлап, жиналып қалмайды. Дегенмен қарбалас сәттерде Жамағат кешенінен қажыларды эвакуациялау үшін тік ұшақ алаңы қарастырылған", - дейді Сидики.

Жаңа бағаналар элипс пішінді және рәсім орындау кезінде болатын негізгі мәселелер жойылды, себебі бағаналардың ауданы үлкейді және оларға таспен тию қиындық туғызбайды. Сонымен қатар бағаналар айналасындағы аумақ кеңейді, нәтижесінде қажылыққа келушілердің көп саны жақындай алады.


Ескі және жаңа Жамағат бағанасы.Күн тәртібінің екі басты мәселесі (Минадағы шатырлар мен Жамағат көпірі) шешілген соң, қажыларды тасымалдау жүйесіне көңіл бөліне бастады. Транспорт қазіргі күні де үлкен мәселе болып қалуда. Қажылық маусымында келушілерді жеткізу жүйесі өте күрделі күйде. Алайда бұл мәселені шешу бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Алдымыздағы жылдары бұл мәселе түбегейлі шешілуі мүмкін:

"Қажылар Меккеден Минаға, кейін Арафатқа және қайтадан Муздалифа мен Мина қалаларына жету барысында жол кептелістері пайда болады, - дейді тележурналист Ясир аль-Катани, - Қажылар арасы 5 километр қашықтық болатын, Арафаттан Муздалифа мен Минаға жету үшін тасымалдаушы автобустарда бірнеше сағаттан өткізеді".


Өткен ғасырдың 70-жылдары. Қажылар жол кептелісі кезінде.Көптеген жол тораптарының салынуына қарамастан, жол кептелісі бұл өңірдің басты мәселесі болып қалуда.

"Алайда үкімет қажылық бағыты бойынша темір жол жүргізуді шешкен соң, бұл қауырттылықты азайтып, жолдардың босауына әкелді. Қажылық пункттеріне дейін жететін метро ондаған мың қажыларды тасымалдайды" - деді әл-Катани.


Қажылық бағытымен қажыларды тасымалдайтын Метро пойызы

2000 жылғы қажылықта болған Рифат адамдар мен көліктерден құралған жол кептелістерін еске алуда:

"Бізді лагерьде емес, Жамағат көпірінің жанындағы ғимаратта орналастырды. Байқағанымызша, көпірде адамдар топырлап, қауіпті сығылысуларға жақын жағдайда болды".


Мина шатырлы қалашығындағы госпиталь.

Бүгінгі таңда бұл ғимараттар жоқ. Минаның ретсіз орналасқан шатырлары, кішкентай көпірі бар, ескі қалашығы заманға сай инфрақұрылымы бар, медициналық көмекпен, қауіпсіздік қызметтерімен, ойластырылған жол, туннель, көпір тораптарымен және метро бекеттерімен жабдықталған, шатырлы қалаға айналды.


Ақпараттық компания: Дұрыс қажылық рұқсат алудан басталады.

Сауд Арабиясы бекіткен квоталардың шектелуі мен биылғы жылы қажылыққа келушілердің санының 50%-ға азаюы, заңсыз қажылықпен күрес, нәтижесінде қажылыққа рұқсаттың енгізілуі, электронды тіркелу, биометрлік бақылау Сауд Арабиясының алға басулары мен инфрақұрылымының дамуына қарамастан, қажылар санының мұндай өсу динамикасына дайын еместігін көрсетеді.


Заңсыз қажыларға қарсы ақпараттық компаниялар шеңберіндегі бейне түсірілім.

Осыған орай қажылар санына 10 жыл бұрынғы жасанды түрде шек қоюлар байқалуда. Алайда ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталғанда (Әл-Харамды кеңейту, Масджид әл-Нәбәуиді кеңейту, Мединедегі терминалдар, Харамейн жүйрік темір жол торабы, қажыларға арналған сателлит қалалар), қауіпсіздік және ыңғайлықпен кепілдендіре отырып, қажыларды сенімді түрде қабылдауға болады.


Қызмет Саяхат, arabnews.com ақпараттары бойынша
Қажылық 2014, Ұмра 2014

Ұнайды
 
Пікір қалдыру
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
    Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
    © “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
    - Негізгі бет
    - Ұмра
    - Қажылық
    - Әуебилеттер
    - Қонақ үйлер
    - Турлар
    - Визалар
    - Инфо
    - Мультимедиа
    Байланыс телефондары:
    + (727) 300-78-03
    Бізге жазу
    г.Алматы
    пр.Абая 150/230
    БЦ "Гаухар Тас"
    Әлеуметтану:

    RSS канал
    Біз қабылдаймыз:
    Дизайн және өңдеу
    Марат Бураев
    mateo@inbox.ru
    Қіру күні:
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі