Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   26.02.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Қажылықтың шарықтау шыңы.
17/10/2013
825
Дүйсенбі күні таң атысымен жүздеген мың қажы ихрам киіп және тәлбия оқып, Арафат тауына қарай үлкен ағын болып ұмтылуда. Қажылықтың ең маңызды әрекеті - осы таудың шыңына шығу рәсімі. "Қажылық - бұл Арафат", - Мұхаммед пайғамбар.

Қажылар Минадағы тұрақтан Арафат тауына беттеуде. (с) Қызмет Саяхат.Қажылық биылғы жылы 118 елдің 2 миллион діндәрлерін жинады. Квоталар санының шектелуіне қарамастан, сондай-ақ келушілер санының екі есе дерлік азаюына қарамастан (2012 жылы 3,1 млн.), қажылық дүниедегі ең ірі тауап ету рәсімі болып қала береді.

Волонтерлер аптап ыстық пен жоғарғы ылғалдылық мәселелерін шешуге жәрдемдесуде.Өткен жылы тек Египет қажылық пен ұмраға 800 мың адам жіберді, ал Индонезия елі 2012 ж. аттандырған мұсұлмандар саны бойынша алғашқы орынды иемденді (211 мың).

2013 жылға дейін қажылыққа келушілер санының көбею динамикасы тек жоғарылаған.Таяу шығыс елдерінің қажылары ұмраны (кіші қажылықты) жыл сайын жасап, ал қажылықты мүмкіндігінше қайталауға тырысады. 
Дегенмен, қажылардың басым көпшілігі үшін киелі жерге келу - алғаш қажылықтары:

 

"Ұйықтап жатпағаныма сену үшін өзімді-өзім шымшуым керек - деп өзінің саяхатын түс секілді суреттеп жатқан британдқ қажы Лайхутдин Мунаф айтуда, - мен Меккеде екендігіме және қажылықты ордайын деп жатқанымды және бұл түс емес екендігіне сену үшін қайта-қайта жасауға тура келеді!"

Бибі Фатима, жасы келген әйелді Пәкістаннан Минаның шатырлы қалашығына баласы жеткізді: "Бұл менің балам - Ариф. Ол мені осыда әкелемін деп уәде берді, және ол уәдесінде тұрды".

Үндістандық отбасылық жұр Ибрагим мен Романа да қажылықта бірінші рет: "Біз бұл сәтті өте көп уақыт, - бүкіл өміріміз бойы күттік. Біз, суреттеуге келмейтіндей өте бақыттымыз. Аллахқа көмегі үшін алғысымызды білдіреміз!"



Қарт қажыға Мина алқабында лагерь арқылы өтуге көмектесуде.

Арафат тауы және оған ағылып келе жатқан қажылар.Қабылдап жатқан елдің өкіметі үшін қажылар бұл - "Аллахтың қонақтары", олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы Сауд Арабиясының өкіметінің басты міндеті болып қойылды, ал қажылық уақыты олардың жігерінің кульминациясы және жаңа қызмет көрсету мен қауіпсіздік жүйелерінің тексерісіне айналады. Осы жылы қажылар әдеттегіден көп қауіпсіздік қызметкерлерін көреді, сонымен қоса биометриялық бақылаудан өтіп және сұрағанда қажылыққа рұқсатты көрсетуге тура келеді. 

Масджид аль-Харамдағы қауіпсіздік қызметі нүктелерінің орналасуы.Азаматтық қорғаныс күштері киелі жерлердегі кез-келген төтенше жағдай орын алғанда әрекет ету үшін барлық шараларды қолданды:

"Біз Арафат тауында тұру салтында және күн батқан соң, қажылар Мұздалифа алқабына түнеуге аттанғанда кез-келген қауіпті жағдайды көтеруге дайынбыз, - деп азаматтық қорғаныс күштерінің басшысы әл-Захрани мәлімдеді.


Сонымен қатар шенеунік қазанның 6 мен 18 аралығындағы киелі жерлердегі ас әзірлеу мақсатында сұйытылған газды қолдануға салынған тыйым жайлы ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, қажылық, мұсылмандардың Меккеге қажыға бару 2013 жылы қазанның 13-інде басталды. Кеше, қажылықтың бірінші күнінде, келген қажылар Киелі Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналатын сәлем тауабын орындады.






Қызмет Саяхат, arabnews.com ақпараттары бойынша
Қажылық 2014, Ұмра 2014


Ұнайды
 
Пікір қалдыру
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
    Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
    © “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
    - Негізгі бет
    - Ұмра
    - Қажылық
    - Әуебилеттер
    - Қонақ үйлер
    - Турлар
    - Визалар
    - Инфо
    - Мультимедиа
    Байланыс телефондары:
    + (727) 300-78-03
    Бізге жазу
    г.Алматы
    пр.Абая 150/230
    БЦ "Гаухар Тас"
    Әлеуметтану:

    RSS канал
    Біз қабылдаймыз:
    Дизайн және өңдеу
    Марат Бураев
    mateo@inbox.ru
    Қіру күні:
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі