Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   23.05.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Қажылыққа арналған квоталардың қысқаруы жалғасатын болады.
11/10/2013
838
Сауд Арабиясы жергілікті және шет елдік қажылар санын қысқартуды әлі кем дегенде екі жыл бойы әрі қарай жалғастырады. Бұл әрекеттер ағымдағы матафты (Қағба айналыс аумағы) кеңейту жобасы аяқталғанша жүргізіледі.


Ғасыр құрылысы. Әлемнің ең үлкен мешіті - Мәсжид Әл-Харам кеңейту жұмыстары барысында.

Қажылар санының артуы салдарынан мұндай шектеу шаралары болашақты қауіпсіздендіру үшін қолданылуда.

Әмірлік қажылыққа шет елден келушілер санын 20%-ға, ал жергілікті қажылар санын 50%-ға қысқартуға шешім қабылдады. Бұл жағдай матафты кеңейту жобасы бойынша жұмыстар аяқталмайынша, үш жылға сақталады, - деп, Сауд Арабиясының қажы министрлігінің өкілі мәлімдеді.

Матаф алаңын кеңейту жобасы Қағбаның айналыс аймағының өткізгіштік қуатын сағатына 48 мыңнан 130 мың қажыға дейін арттыру үшін қажет. Мәсжид Әл-Харамды кеңейту жұмыстары Тиым салынған мешіт сиымдылығын екі миллион діндарға дейін арттыру үшін қатар жүргізілуде.

Биылғы жылы жұмыстардың үштен бір бөлігінің аяқталуы жоспарлануда. Ал қалған екі кезең келесі екі жыл ішінде бітуі қажет. Жоба аяқталған соң, қажылыққа біршама көп адам келе алады, - деді, қажы министрлігінің шенеунігі.

Қажы министрі барлық қажыларды Әмірліктің қажылыққа қатысты тәртіптік ережелерін орындауға шақырды. Аталмыш ережелер матаф пен Жамарат аймағында сығылысуларды болдырмау үшін енгізілген.

Жамарат. Жазатайым оқағалар мұнда тас лақтыру рәсімі кезінде жиі болды.

Сауд Арабия үкіметі адамдар ағынын басқару жөніндегі мамандардың кеңесімен матафты кеңейту жұмыстары бітпейінше, қажылардың санын қысқартуға шешім қабылдады. Сонымен қатар: "Бұл шаралар қажылардың өз игілігі үшін жасалуда", - деп, атап өтілді.

Осы жылы 13-ші қазанда басталатын қажылықты 2 миллион адам орындайды.

Өз кезегінде, азаматтық қорғаныстың жетекшісі - генералы Сағад әл-Тувайжи ешқандай қауіпсіздік техника ережелерін бұзуға жол берілмейтіндігін ескертіп, бұзақыларды қамауға алатындығын мәлімдеді.

Біздің офицерлер Мекке қажыларының үйлерінде және киелі жерлердегі шатырларда қауіпсіздік техника ережелерін бұзуды болдырмау үшін барлық өкілеттілікті алды - деп хабарлады әл-Тувайжи.


Бұл бейнетаспада Әл-Харам мешітін кеңейту жұмыстарының кезеңдері жақсы сипатталған.


Қызмет Саяхат, arabnews.com мәліметтері бойынша.
Қажылық 2014, Ұмра 2014  

Ұнайды
 
Пікір қалдыру
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
    Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
    © “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
    - Негізгі бет
    - Ұмра
    - Қажылық
    - Әуебилеттер
    - Қонақ үйлер
    - Турлар
    - Визалар
    - Инфо
    - Мультимедиа
    Байланыс телефондары:
    + (727) 300-78-03
    Бізге жазу
    г.Алматы
    пр.Абая 150/230
    БЦ "Гаухар Тас"
    Әлеуметтану:

    RSS канал
    Біз қабылдаймыз:
    Дизайн және өңдеу
    Марат Бураев
    mateo@inbox.ru
    Қіру күні:
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі