Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   26.02.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Қағбаның тозығы жеткен кілті жаңасына ауыстырылмақ.
30/09/2013
1037
Екі қасиетті мешіт істері жөніндегі төрағалықтың мәліметтері бойынша Киелі Қағбаның құлпы мен кілті дәстүрлі Ислам құдіреттерінің ғұсыл ету кезінде, яғни келер жылдың басында (қараша айының басы) жаңа комплектке ауыстырылады. Төрағалықтың баспасөз-хатшысы Ахмад әл-Мансури айтуынша, жаңа кілт пен құлып ресми түрде Қағба сақтаушысына беріліп, құлып оның көз алдында орнатылады.


Қағбаның 30 жыл бұрын әзірленген кілтінің қазіргі көрінісі

Әл-Мансури барлық мұсылмандарды кілттің ауыстырылуына байланысты асыра сілтенген және қате мәліметті қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Ескі кілттің жаңасына ауыстыру жайлы алғашқы сұраныс бастапқы Сәдині - Абдул Азиз Әл-Шаибиден келіп түскен болатын. Ол 1429 жылы зул-хижжа айының 15-ші күні Қос Қасиет сақтаушысы Абдулла патшаға хат жазды. Хатта ол 1429 жылы Шағбан айының 1-ші күні ғұсыл ету үшін Қағба есігін ашу біраз қиындықтар туғызғаны туралы мазмұндады.

30 жыл бұрын әзірленген құлып тотығу салдарынан деформацияға ұшырағаны айқындалды. Құлып жөндеу жұмыстар үшін арнайы шеберханаға жеткізілді. Арнайы шеберханада 12 сағатқа созылған жөндеу жұмыстары аяқталған соң, құлып өз орнына қайта орнатылды.


Қағба Сәдині Абдул Азиз Әл-Шаиби жаңа кілт қарастыруда.

1430 жылы Жамада әл-Тани айының 20-шы күні құлыпқа қатысты патшаның жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша құлыпты ауыстыру жөнінде жан-жақты техникалық зертеулер Абдул-Азиз патшасының ғылым және техника орталығына (АПҒТО) тапсырылды.

Осыған байланысты, ғылыми топ өзінің бірегей ерекшелігін сақтайтын, мықтырақ құлып жасау мақсатында бар нұсқаның осал жерлерін зерттеп, неғұрлым берік конструкцияны анықтау жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, кілтті басқа 18-каратты алтын кілтке ауыстыру ұсынылды.

Кейінірек, ескі кілт пен құлптың нұсқасы негізінде жаңа комплект жобаланып әзірленді. Түптұлғаның жобалық жұмыстары Төрағалықтың нұсқауларына сәйкес жасалды және 12-ші қыркүйек күні патша Абдул-Азиздың ғылым және техника орталығы әкімшілігінің көзінше жаңа кілт сараптық бағалаудан өтті.

Жуу дәстүрін орындау үшін Қағбаның қақпасы ашылуда.

Келесі жылдың басында Хижра бойынша Сәдиннің көз алдында жаңа кілт пен құлып кезекті Қағбаның ғұсыл ету рәсімі кезінде орнатылады. Әл-Шаиби отбасының мүшелері ғана Қағба сақтаушылары болып табылады және оның қақпасын ашуға құқықты. Сондықтан осы отбасының уәкілі жылына екі рет (Мұхарам айында және Шағбан айының алғашқы күні) аталмыш рәсімдерге шақырылады.

 

Аударма: "arabnews.com" материалдары бойынша Қызмет Саяхат
Қажылық 2014, Ұмра 2014

Ұнайды
 
Пікір қалдыру
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
    Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
    © “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
    - Негізгі бет
    - Ұмра
    - Қажылық
    - Әуебилеттер
    - Қонақ үйлер
    - Турлар
    - Визалар
    - Инфо
    - Мультимедиа
    Байланыс телефондары:
    + (727) 300-78-03
    Бізге жазу
    г.Алматы
    пр.Абая 150/230
    БЦ "Гаухар Тас"
    Әлеуметтану:

    RSS канал
    Біз қабылдаймыз:
    Дизайн және өңдеу
    Марат Бураев
    mateo@inbox.ru
    Қіру күні:
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі