Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   26.02.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Қажылар Меккеден Мединеге 25 минутта жете алатын болады.
26/09/2013
687
2014 жылы Әл-Харамейн темір жол жобасы бойынша жұмыстардың аяқталуы жоспарланған. Нәтижесінде Мекке, Медине және Жиддаға баратына жол кептелістерін 80 пайызға дейін азайту көзделуде.


Жидда қаласының бекеті. Пойыз осы жерден Меккеге беттейді.

Мекке транспорт департаментінің басшысы Мухаммад Мадани іске қосылғаннан кейін пойыздар 100% пайдалануға берілетініне кәміл сенімді:

"Қажылық пен ұмра үшін келушілердің арқасында пойыздар толық жүктеулі болады. Темір жол ірі қалалардың ара қашықтығын 80%-ға дейін айтарлықтай қысқартпақ. Бұл - қажылық пен ұмра маусымында әсіресе өзекті мәселе."

Жиддадан Меккеге дейінгі жолға 25 минут кетсе, Мединеге дейін жол 50 минутқа созылады. Көп үміт күттіретін осы жобаны іске қосу үшін жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Қазіргі таңда барлық жұмыстың 40% көлемі аяқталды. Сауд Арабиясында ең ірі темір жол мен метро құрылысы - Әл-Харамейн. Жоспар бойынша бұл желі 88 бекеттен тұрмақ және оның 22 бекеті жер астында салынуы көзделуде. Одан бөлек мешіттер, тікұшақ алаңдары, күту залдары, автотұрақтар мен VIP залдар, дүкендер, мейрамханалар мен дәмханалар ашылуы жоспарлануда. Жоба 16 миллиард долларға бағаланды. Бұл қаржы көлемі АҚШ-тың жылдық бюджетімен шамалас болып келеді.

Қажыларды Тальго жүйрік пойыздары тасымалдайды.

Мекке тұрғыны Абдрахман Ниязи, жобаның әр түрлі кезеңдерінің жүзеге асырылуына куә болды:

"Бұл - үлкен жоба. Осы секілді масшабтағы жобалар экономикалық тұрғыда нәтижелі болатынына сенімдімін. Менің кәсіби қызметіме байланысты Мекке мен Медине қалаларының арасында жиі жүріп тұрамын және жолға кететін шығындардың қалтаға ауыр тиетіні де белгілі. Ал әл-Харамейн болса, бүкіл мәселелерді бірден шешетін болады."

Сонымен қатар Түркия елінің үкіметі Стамбул мен Мекке қалаларын байланыстыратын, Осман империясы кезінде салынған темір жол желісін қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы хабарлады. Осы бағыттағы жүйрік пойыздар жолаушыларды Иордания мен Медине арқылы 24 сағатта тасымалдауға мүмкіндік береді.

Осман империясының сұлтаны Хамид II бұл темір жолдың жобасын 1900 жылы бекіткен болатын. Жоба бойынша алғашқы сапар 8 жылдан соң орындалды. Алайда Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде темір жол күйретіліп, құрылыс жұмыстары тоқтатылды.





Arabnews ақпараты бойынша дайындаған Кызмет Саяхат
Ұнайды
 
Пікір қалдыру
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
    Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
    © “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
    - Негізгі бет
    - Ұмра
    - Қажылық
    - Әуебилеттер
    - Қонақ үйлер
    - Турлар
    - Визалар
    - Инфо
    - Мультимедиа
    Байланыс телефондары:
    + (727) 300-78-03
    Бізге жазу
    г.Алматы
    пр.Абая 150/230
    БЦ "Гаухар Тас"
    Әлеуметтану:

    RSS канал
    Біз қабылдаймыз:
    Дизайн және өңдеу
    Марат Бураев
    mateo@inbox.ru
    Қіру күні:
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі
    Құпия сөз бас
    әрімтермен енгізіледі