Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   23.05.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Сағи
25/09/2013
Негізінде "Сафа, Мәруе" Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе умра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кiм артықша бip қайыр icтece, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші. (Құран 2:158)

Сағи - қажылықтың міндетті әрекеті болып табылады.1. "Сағи" деп әл-Харам мешітінің ішінде орналасқан Сафа мен Мәруа төбелерінің арасында жүру рәсімін айтады.

2. Екі төбе арасы шамамен 450 метр.

3. Ер адамдар жасыл шамдарға жеткен соң, келесі жасыл шамдарға дейін жүгіруге кіріседі. Және әрі қарай бірқалыпты адыммен жүреді.

4. Тамматуғ қажылығы кезінде сағи екі рет орындалады. Біріншісі ұмра үшін, (келген күні, тауап әл-кудумнан кейін), екіншісі Қажылық үшін (зул-хижжаның 10-шы күні, әл-ифада тауабынан кейін).

5. Қиран қажылығы кезінде сағи ұмра мен қажылық үшін бір рет бірге орындалады. (келген күні, тауап әл-кудумнан кейін немесе зул-хижжаның 10-шы күні, әл-ифада тауабынан кейін)

6. Ифрат қажылығы кезінде де сағи ұмра мен қажылық үшін тек бір рет бірге орындалады (келген күні немесе зул-хижжаның 10-шы күні)


Сафа мен Мәруа төбелерінің арасындағы өткел. Сыртқы көрінісі. 1. Сафа. Тауап аяқталғаннан кейін қажылар екі төбенің арасында жеті айналымды жүріп өту үшін Сафаға беттейді. Сафаға жақындап, ол: "Мен Аллаһ бастағанынан бастаймын" - деп, "Иннә әс-сафа уәл-мәруата мин шә'аириЛләһ" аяттын оқиды.

Кейін Сафаға көтеріліп, Қағбаға бет бұрып, үш рет "Альхамду лиллях" деп, Аллаһқа мақтау айтады, "Аллаху акбар" деп, Аллаһты ұлықтайды да, қолын жоғары көтеріп дұға етеді:

"Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадиир. Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу, әнжәзә уаъдәһу уә насара ъабдәһу, уә һәзәмәл-ахзабә уәхдәһу."

Аудармасы: "Ешқандай серігі болмаған жалғыз Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Барлық мадақ пен патшалық Оған тән. Ол уәдесін орындады, Өз құлына жәрдем берді және дұшпандарды жалғыз Өзі күйретті".
(бұл сөздер үш рет қайталанады)

Қажылыққа келушілер осы сөздер арасында Алла тағаладан кез-келген тілек тілей алады және де дұғаның келтірілген үлгіден қысқартып оқылуы рұқсат. Қолдарды дұға оқу кезінде ғана көтерген абзал, ал "Аллаху акбар" сөздері айтылу кезінде қолдарды көтермеген жөн. Қажылыққа келушілердің жиі жасайтын қателіктерінің бірі - екі қолын Қағба бағытына сілтеуі. Келушілердің келесі әрекеті - Сафадан түсіп, Мәруаға бір қалыпты адыммен атану. Осы сәтте олар өзі үшін, жанұясы үшін және басқа мұсұлмандар үшін дұға жасайды.
Ер адамдар жасыл шамдарға жеткен соң, келесі жасыл шамдарға дейін жүгіруге кіріседі. Және әрі қарай бірқалыпты адыммен жүреді.

Қажылыққа келушілер төбеге шығып, Алла тағалаға дұға етеді. 2. Мәруа. Мәруаға жеткендер Қағбаға қарап, аяттан басқа Сафада оқыған сөздерін қайталайды да, тілек тілеп, дұға жасап, Сафаға қарай бет алады. Ер адамдар жасыл шамдарға жеткен сайын келесі шамдарға дейін қадамын үдетуі керек. Сафада Мәруада жасалған әрекеттер қайталанады. Сафадан Мәруаға дейінгі қашықтықты өту сағидың бір айналымы болып есептеледі. Сағидың жеті айналымы осы түрде жүріп өтіледі.

Сағи жолын жаяу бастаған жүргінші үшін өздігінен жүруге мүмкін болмайтындай ауырлық сезінген жағдайда, арбашамен аяқтауға рұқсат етіледі.

Ұмраға келушілер сағиды өткеннен кейін шашын қысқартады немесе тықырлап алып тастайды (ең дұрысы - тықырлап алу). Бастағы шаш біркелкі тегіс етіп алынуы қажет. Ал әйел адамдардың шашы бір еліге қысқартылады.

Осылайша ұмраның рәсімдері аяқталып, ихрам кезіндегі тиым салулар рұқсат етіледі.

Ескерту:
Етеккір немесе босанудан кейінгі бөлінулер кезеңінде әйел адамдарға сағиды орындауға рұқсат, себебі бұл аумақ тиым салынған мешіт территориясына кірмейді. Дегенмен жоғарыда аталып өткен және басқа әйел адамдарға сағи кезінде жүгіруге болмайды.





Материалды дайындаған: Кызмет Саяхат
Ұнайды
Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
© “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
- Негізгі бет
- Ұмра
- Қажылық
- Әуебилеттер
- Қонақ үйлер
- Турлар
- Визалар
- Инфо
- Мультимедиа
Байланыс телефондары:
+ (727) 300-78-03
Бізге жазу
г.Алматы
пр.Абая 150/230
БЦ "Гаухар Тас"
Әлеуметтану:

RSS канал
Біз қабылдаймыз:
Дизайн және өңдеу
Марат Бураев
mateo@inbox.ru
Қіру күні:
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі