Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   23.05.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Тауап
24/09/2013
Тауап намаз сияқты бірнеше рет орындалуы мүмкін. Негізгі шарты 7 рет айналыс жасалуы қажет. Қажылық кезінде келушілерге тауаптың кем дегенде үш түрін жасау керек:

1. Әл-Кудум тауабы - қажылардың Меккеге келісімен Қағбаны бірінші рет айналуы.

2. Әл -Ифада тауабы. Жамарат әл-Акабтан кейін (Зул-Хижжаның 10-шы күні) орындалатын, қажылықтың міндетті тауабы.

3.
Әл -Уағда тауабы. Ақырғы тауап, яғни қажылықта орындалатын соңғы міндетті рәсімі.
 
Тауап - қажылықтың ең маңызды рәсімдерінің бірі. Әл-Кудум тауабы (Қағбаны айналу)
Қажылық та, Ұмра да миқатта ихрамға өткен кезінен бастау алады. Ұмра орындаушы миқатқа өткеннен бастап, Қағбаны көргенше тәлбия сөздерін айтуы керек. Киелі Меккеге жеткен кезде қажылардың мүмкіндігінше толық ғұсыл құйылуы дұрыс болады. Кейін олар Ұмра рәсімдерін орындау үшін Киелі мешітке аттанады. Мешіт табалдырығын оң аяқпен аттай отырып, келесі сөздер айтылуы қажет:

"А'узу билляхиль - 'азыйм, ва би-важхихиль-карим, ва султанихиль-кадым, минаш-шайтанир-ражим. Бисмилляхи, вассаляту вас-саляму 'аля расулиллях. Аллахуммаф-тахли абваба рахматик".

Аудармасы: "Аллаһтың есімімен! Аллаһ елшісіне тыныштық және сәлем болсын! Уа, Аллаһ! Маған Өз мейіріміңнің қақпаларын аша гөр!".

Мешітке барар алдында ғұсыл құйыну шарт емес.

Кейін қажы Қағбаға қарай бағыттап, тауап бастайды.

Ұмра немесе әл-қудум тауабын орындап жүрген ерлер үшін оң иығын ашу сүннет.Ол үшін ихрам киімінің бір шетін оң қолтығының астынан өткізіп, жиегін сол иыққы жабады.

Кейін ұмра жасаушылар Қағбаны жеті рет айналуды бастайды. Әр айналым "Бисмилләһ. Уаллаһу әкбар!" сөздерімен қара тас тұрған бұрыштан бастап, сонда аяқталады.


Қара тас Қағбаның шығысындағы бұрышта, 1,5 м биіктікте орналасқан.Сүннетке сәйкес, қажылар тек адамдар аз кезде, оған басқаларды итермелеп, соқтығыспай, оларға зиянын тигізбей бара алса ғана қара тасқа жақындап, оны сүйіп немесе оған қолмен ишарат етеді. Сүннет бойынша қажылыққа келушілер шамасына қарай қара тасқа жақындап, жан-жақтағы адамдарға зияны тигізбейтіндей, сығылысуға әкелмейтіндей етіп, қол тигізеді немесе суйеді. Оң қолды қара тас жаққа бағыттап, жолда ұзақ аялдамай, "Аллаһу акбар" сөзін айту жеткілікті. Ал, адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу - парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені парызды істемеген уақыттағы күнә сүннеттің сауабынан басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. Йемендік бұрыш пен қара тас арасындағы әр бұрышта сүннет бойынша келесі сөздер оқылуы керек:

"Раббәнә әтинә фид-дунья хасанә, уә фил-ахирати хасанә, уа қинә азабән-нәр"

Аудармасы: "Раббымыз! Бізге осы дүниеде игілік сыйла, әрі Ақыретте де игілік сыйла, әрі От азабынан сақта! ".
Осы күйде тауаптың жеті шаутын жасалынады. Сүннетке сәйкес әл-қудум тауабын орындағанда бірінші үш қатардағы ерлер аздап қадамдарын үдейтеді.


Тауап күндіз-түні тоқтамайды.Тауап аяқталғаннан кейін:

1. Ерлерге оң иықты жабу қажет.

2.
Сүннет болып табылатын мақам Ибраһимнің артында екі ракағат намаз оқу. Егер мақаттың артында намаз оқу қиындық туғызса, оны мешіттің кез-келген басқа жерінде жасауға болады. Бірінші ракағатта "әл-Фатиха" сүресінен кейін "әл-Кәфирун" сүресін оқыған дұрыс. Екінші ракағатта "әл-Фатиха" сүресінен кейін "әл-Ихлас" сүресін оқыған дұрыс. Бұл екі сүре басқаларға алмастырылса болады.

Әл-Кәфирун сүресі
Бисмил-лә һир-рахмәнир-рахим,
Кул йә әййуһәл кәфируун
лә әъбуду мә тәъбудуун
уәлә әнтум ъабидуунә мә әъбуд
уәлә әнә ъабидум мә ъабәдттум
уәлә әнтум ъабидуунә мә әъбуд
ләкум диинукум уәлийә диин

Әл-Ихлас сүресі
Бисмил-лә һир-рахмәнир-рахим,
Қул һууаллаһу әхәд, Аллаһус самәд.
Ләм йәлид уәләм йууләд,
Уә ләм йәкул ләһу куфууән әхәд.


Тауап жасаудағы қателіктер:

1. Кейбір қажылар Қағбаны Хижраның ішкі жағынан айналып өтеді. Бұл қателік болып табылады, себебі Хижра Қағбаның бір бөлігі, сондақтан тауапты оның ішкі жағымен емес, сыртқы жағымен жасау керек.

2. Қағбаның бұрыштарына, қабырғаларына, жамылғысына, есіктеріне және мақам Ибраһимге (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жанасу, оларды сүрту. Бұл әрекеттерге тыйым салынған, себебі олар шариғатта негізі жоқ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жасамаған жаңалықтардың қатарына жатады.

3. Әйелдердің бөгде ерлермен жанасуға әкелетін сығылысуға қатысуы. Мұндай жағдай көбінесе тауап кезінде, Қара таста немесе мақам Ибраһим маңында болады.Сондықтан көп адам шоғырланған жерден алшақтау керек.




Материалды дайындаған: Кызмет Саяхат

 
Ұнайды
Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
© “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
- Негізгі бет
- Ұмра
- Қажылық
- Әуебилеттер
- Қонақ үйлер
- Турлар
- Визалар
- Инфо
- Мультимедиа
Байланыс телефондары:
+ (727) 300-78-03
Бізге жазу
г.Алматы
пр.Абая 150/230
БЦ "Гаухар Тас"
Әлеуметтану:

RSS канал
Біз қабылдаймыз:
Дизайн және өңдеу
Марат Бураев
mateo@inbox.ru
Қіру күні:
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі