Қазақ (kz)
Русский (ru)
Өкілдер үшін кіру
«Қызмет Саяхат» туроператоры - қажылық қызметінің толыққанды түрлерін ұсынатын қажылық компаниясы.   Біз туралы көбірек біліңіз
727 300-78-03

Алматы, Абай дң. 150/230   Жол журу картасы


Әлеуметтану
   23.05.18.
         Тіл: Қазақ (kz)
Арафа
24/09/2013
Арафат алқабындағы ғибадат қылу - қажылық парыздарының бірі. Арафатта тұрусыз қажылық ғибадаты қабыл етілмейді.
Алланың елшісі (с.а.с.) айтуынша: "Қажылық - бұл Арафат". (Абу Дауд и ат-Тирмизи)

Арафат тауы. Арафат күні - төбесіне күн шыққан күндердің таңдаулысы. Осы ұлы күні барлық қажылар Арафатта жиналып, таң атқаннан күн батқанша тұрады. Айша анамыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мүслимнің «Сахих» жинағында риуаят еткен хадисінде Алланың Елшісі (с.а.с.) айтты:

"Арафа күнінен басқа күнбар ма, Алла құлдарының көбін тозақ отынан босататын (құтқаратын)? Алла құлдарына жақындайды (Арафада тұрған), содан кейін сол құлдарымен періштелерге мақтанады да олар не қалайды?- деп сұрайды (Алла Тағала құлдарының не қалайтынын біледі)".


Қажылыққа келушілерге бесін намаз уақыты басталғанға дейін Намира мешітінің алдында аялдаған жөн. Себебі бұл - сүннет. Зухр намазы кезінде азан және қамат (қамат әр міндетті намаздың алдында) оқылады. Кейін имам өсиет етіп, құтба (уағыз) оқып, барлық мұсылмандармен бірге Пайғамбарымыз (с.а.с.) сияқты зухр және аср намаздарын бірге, әрқайсысын екі рәкатқа дейін қысқартып оқиды. Қосымша намаздарды оқу өз қалауымен орындалады. Мешіттің бөлігі Арафат тауының аумағында болмағандықтан, қажыларға намаз бітісімен дұрыс орналасуына көз жеткізуі қажет.


Қажылар Намира мешітінде намаз оқуда.Урва ибн Муддаристің айтуынша, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деді: 

"Муздалифте бізбен намаз оқып, біз жолға аттанғанша қасымызда тұрған және Арафат алқабында күні мен түні тұрған адам қажылықты жасап, бүкіл жораларын орындаған болып есептеледі.". (Ахмад, Абу Давуд, ат-Тирмизи, ан-Насаи және Ибн Маджа)


Білуге маңызды:

1. Арафа күні қажылыққа келушілер Арафат тауының территориясында күн батқанша болуы керек.

2.
Намира мешіті Арафат тауының территориясында орналасқан. Дегенмен оның шығыс бөлігі бұл территориядан тыс жатыр, сондықтан қажы осыны еске сақтап, мешіт ішіндегі бағдарларға назар аударғаны абзал.
Ескерту: Арафа күні - Қажылықтың ең маңызды күні. Сол себепті қажылар сауаптан құр қалмас үшін қателік жіберуден сақ болуы қажет.

3. Арафаттан тыс шетте орналасып, күн батқанша сол жерде жүруге және Муздалиф алқабына уақытысынан ерте жөнелуге рұқсат етілмеген. Олай жасағандар қажылықты орындамаған болып саналады;

4.
Арафаттан күн батқанша кетуге болмайды. Бұл пайғамбарымыз (с.а.с.) әрекеттеріне қайшы келгендіктен, тиым салыну болып табылады;

5.
Арафат (джабаль ар-Рахмах) тауына көтеріліп, шыңына жету мақсатымен итерісіп, сығылысулар тудыруға болмайды. Сондай-ақ бата алу мақсатында тау тастарын сипалап, шыңында намаз оқуға тиым салынған.

6.
Дұға кезінде бетті Арафат тауына бұру үлкен қателік болып келеді.


Арафат алқабындағы қажылар.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ақырғы уағызы:
"Құрбан Айт күні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, соңынан: "Ал сендер бүгін қандай күн екенін білесіңдер ме?" - деп сұрады. Біз: "Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі!", - деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ ол: «Бұл - Құрбан Айт күні емес пе?» - деді. Біз: "Иә", - деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл қандай ай?» - деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», - дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол: «Бұл - зуль-Хижжа емес пе?» - деді. Біз: "Иә", - деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың - сендер үшін осы қалаларыңдағы, осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса - қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осындағылар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осындағы адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін». (әл-Бухари, Муслим)


Қажылар Арафат тауына баратын жолда.


Материалды дайындаған: Кызмет Саяхат

Ұнайды
Қазақстанның белді қажылық компаниясынан - Қажылық және Ұмра, халал отелдер, әуебилеттері мен визалық қолдау.
© “Кызмет Саяхат” 2018 жыл
- Негізгі бет
- Ұмра
- Қажылық
- Әуебилеттер
- Қонақ үйлер
- Турлар
- Визалар
- Инфо
- Мультимедиа
Байланыс телефондары:
+ (727) 300-78-03
Бізге жазу
г.Алматы
пр.Абая 150/230
БЦ "Гаухар Тас"
Әлеуметтану:

RSS канал
Біз қабылдаймыз:
Дизайн және өңдеу
Марат Бураев
mateo@inbox.ru
Қіру күні:
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі
Құпия сөз бас
әрімтермен енгізіледі